Сан есім түрлері деген не?

0 голосов
73 просмотров

Сан есім түрлері деген не?


Қазақ тiлi (14 баллов) | 73 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

1. Есептік сан есім заттың нақты санын, есебін білдіреді. Сұрағы: қанша? неше? Есептік сан есім дара: төрт, жетпіс, мың, сегіз, бес, тоғыз; күрделі: алпыс үш, жетпіс тоғыз, он бес, отыз жеті, қырық тоғыз болып келеді. Есептік сан есім сан есімнің басқа түрлерін жасауға негіз болады.

2. Реттік сан есім заттың саналу ретін білдіріп, нешінші? деген сұраққа жауап береді.

Есептік сан есімге төмендегі жұрнақтар жалғану арқылы реттік сан есім жасалады:

-ыншы –қырық тоғызыншы, алпысыншы, оныншы, т.б.

-інші – отыз бесінші, үшінші, елуінші, жүзіншіт.б.

-ншы – алпыс алтыншы, алтыншы, т.б.

-нші – қырық екінші, жетінші, т.б.​​​​​​​

3. Жинақтық сан есім заттың жинақталған санын көрсетеді. Сұрағы: нешеу? Жинақтық сан есім бірден жетіге дейінгі сан есімге -ау, -еу жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу, алтау, жетеу. Дауысты дыбысқа аяқталған екі, алты, жеті сан есімдеріне -ау, -еу жұрнағы жалғанғанда, түбірдегі соңғы дауысты дыбыс түсіп қалады: екі+еу→екеу, алты+ау→алтау, жеті+еу→жетеу.

4. Болжалдық сан есім заттың санын дәл білдірмейді, шамамен болжап көрсетеді. Сұрағы:қанша? неше? қай шамалы? қаншадан?

Болжалдық сан есімнің жасалу жолдары:

а) жұрнақ арқылы: -лаған – жиырмалаған, -леген – елулеген, -даған – мыңдаған, -деген – жүздеген, -таған – қырықтаған, -теген – жетпістеген;

-лап – жиырмалап, -леп – елулеп, бір-бірлеп, екеулеп, -дап – отыздап,

-деп – жүздеп, -тап – алпыстап, -теп – жетпістеп;

-дай – тоқсандай, мыңдай, -дей – екі жүздей, -тай – қырықтай, -тей – жетпіс бестей, т.б.​​​​​​​

ә) Есептік сан есімдерге көптік жалғауы мен барыс, жатыс септік жалғауының жалғануы арқылы жасалады. Жасы қырық+тар-да, сағат алты+лар-ға шақырды, т.б.​​​​​​​

б) Есептік сан есімдердің қосарлануы арқылы жасалады. Отыз-отыз бес, екі-үш, елу-алпыстай, жүз-жүзден, т.б.​​​​​​​

в) Есептік сан есімдерге шамалы, шақты, қаралы, таман, тарта, жуық, жақын сөздерінің тіркесуі арқылы жасалады: елу шамалы, он шақты, мың қаралы, жетіге таман, алпысқа тарта, отызға жуық, сексенге жақын, т.б.​​​​​​​

5. Топтау сан есім заттың санын топтап көрсетеді де, нешеден? қаншадан? сұрақтарына жауап береді.

Топтау сан есімдер дара сан есімдер мен қосарланған сан есімдерге шығыс септік жалғауыжалғануы арқылы жасалады. Мысалы, дара түрде: үштен, қырықтан, жүзден, тоқсаннан, алтыдан, сексеннен, үшеуден; күрделі түрде: он екіден, жиырма алтыдан, қырық бестен, екі жүз оннан, т.б.​​​​​​​ Қосарланған түрде: бес-бестен, бес-алтыдан, жиырма-жиырмадан, екеу-екеуден, т.б.​​​​​​​

6. Бөлшектік сан есім заттың бөлшектік санын білдіреді. Бөлшектік сан есімдер екі түрде қолданылады:

а) жай бөлшек: оннан бес, тоғыздан үш, үштің бірі, т.б.​​​​​​​

ә) ондық бөлшек: үш бүтін оннан бір, жеті бүтін төрт ондық, (7,04), он бүтін мыңнан екі жүз алпыс тоғыз (10, 269), т.б.​​​​​​​

(106 баллов)