Ұста — шебер, ісмер адам. Түрлі материалдардан тұрмысқа, күнделікті өмірге қажетті заттар, бұйымдар жасаған. Ұстаның негізгі құралдары: көрік, төс, ерітетін ожау, балғалар, көсеу, бұрғы, қашау, егеу, шеге, сым, қалыптар. Ұста қалыпта құю, соғу, шегендеу, қара бағдар қондыру, зер жүргізу, сіркелеу сияқты тәсілдерді қолданған