Әлемдегі өзгерістерге байланысты журналистикада өз көзқарасын өзгертуі қажет. Уақыт өткен сайын радио мен тележурналист алдында тың міндеттер қойылады. Ол үшін көп ізденіс керек. Журналистер зияткерлік тәжірибелерін қолдануы қажет, халықаралық тәжірибелерге ерекше назар аудара отырып. Әсіресе, дамыған шет елдердегі бүгінгі ақпарат құралдары жұмысына назар аударған жөн. Ол үшін олардың журналистік шығармашылықтарын талдау жасап, қорыта білу керек. Мұндай тәжірибе алмасу заман талабына сай хабарлар беруге мүмкіндік жасайды. Бүкіл ақпараттық хабарлардың мазмұны, идеясын түрлендіруге , дамытуына әсер етеді. Қоғамның моральдық-саяси ахуалын жақсартуға, жаңалықтарды дұрыс қабылдауға жағдай жасайды. Журналистердің қабілеті мен шеберлігін дамытуға ықпал тигізеді. Қажеттіде өзекті фактілерді халыққа ұсыну үлкен жауапкершілікті тілейді.