Бірлік туралы шығарма

0 голосов
122 просмотров

Бірлік туралы шығарма


Қазақ тiлi (19 баллов) | 122 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Бірлік — қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымындағы маңызды этикалық ұғым. Бірлік адамдар арасындағы ынтымақтың, жарасымды татулықтың көрінісі, ел болудың белгісі. Ол белгілі бір топтың,ұжымныңхалықтың, жалпы адам баласының мақсатмұрат, мүдделері тоғысынан туындайды. Қазақ халқы бірліктің күнделікті тіршіліктегі орны мен маңызын “бірлік болмай тірлік болмас”, “бірлік түбі — береке”, “алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді” деп түйген. Бірлікті ыдыратып, ірітуші күш — күншілдікіштарлықараздықтық деп тауып, жұртшылықты мұндай жағымсыз қасиеттерден бойын аулақ салуға шақырған. Бірлік елдіктің, ұлт болып ұйысып отырудың басты кепілі саналған. Сондықтан ел тізгінін қолына ұстаған адамдар — ақсақалдарбилерхандар ел ішіндегі асқынған дау, ушыққан жанжалды тыйып, шешім қабылдағанда ел бірлігіне сына түспеу жағына баса көңіл бөлген

(24 баллов)