Мен әпкеме еліктеп күнделік жазуды бастадым. Бірақ, бұны ешкім білмейді, ол менің құпиям. Күнделікке тек ерекше естеліктерді ғана түсіремін. Мысалы: бүгін мен алғаш рет қасымда, бір партада отыратын Лиданы коньки тебуге, мұз айдынына шақырдым. Оның келіскені мен үшін үлкен жеңіс, тарихи жетістік. Себебі, ол ерекше қыз.