Ержан домбырада ойнағысы келетінін ата-анасына айтты. Олар оны домбыра үйірмесіне жазды. Одан бері, міне, екі жыл өтті. Ол домбырамен ән айтып, күй тарта алады. Біраз жарыстарда жүлделі орындарға ие болды. Оның өнеріне ұстаздары да, көрермендер де риза. Өнерлі бала сүйкімді деген рас екен.