Ұста — шебер, ісмер адам. Түрлі материалдардан тұрмысқа, күнделікті өмірге қажетті заттар, бұйымдар жасаған. Ұстаның негізгі құралдары:көрік, төс, ерітетін ожау, балғалар, көсеу, бұрғы,қашау, егеу, шеге, сым, қалыптар. Дәстүрлі қазақ қоғамында ұсталық киелі кәсіп ретінде бағаланған. Ұста дүкенін, көрігін, құрал-саймандарын да киелі санаған. Ұсталық кәсіп ұрпақтан ұрпаққа жалғасып отырады.