Жаратушының адам баласына берген баға жетпес, қайтып оралмас құндылықтарының бірі – уақыт. Әркім дәм-тұзы таусылғанша өмір сүреді. Адам өлгенде «уақыты бітті» дейді. Уақыт – опасыз нәрсе. Жатсаң да, тұрсаң да бір тоқтамайды, өте береді. Уақыт тез өтеді. Адам өз өмірін пайдамен өткізу керек.Себебі уақыт қайта оралмайды, ол адамды күтпейді. Уақытты бағала білу керек.