«Қазақ халқы үшін төрт түлік мал өте маңызды болған. Олар адамның жан серігі, айрылмас досы болған.
Қой - төрт түлік малдың ішіндегі момыны. Қойдың еті, сүті, майы, терісі пайдалы. Жүнінен киіз басады. Киім-кешек, алаша, кілем тоқылады.
Сиыр - ірі қара малға жатады. Сиырдың еті, сүті пайдалы. Сүтінен айран, қаймақ, құрт, ірімшік жасалады.
Жылқы - ер қанаты. Ол - сезімтал, талғампаз жануар. Жылқының сүті қымыз денсаулыққа пайдалы. Жылқыны көлік ретінде пайдаланады. Қазақта ат ойындары көптеп саналады.
Төрт түліктің төресі - түйе. Оның еті - тамақ, шұбаты - сусын, жүні - киім. Түйе - таптырмас көлік. Ол шөлге төзімді келеді».
- Қой бізге не береді?
- Ет, жүн, тері.
- Сиырдан адамдар не алады?
- Сүт, ет.
- Сиырдың сүтінен не жасайды?
- Сүттен айран, май, құрт жасайды.
- Жылқының қандай пайдасы бар?
- Жылқы ет, қымыз береді. Атпен шабады. Ат ойындары бар.
- Адамдар түйені қалай пайдаланады?
- Түйенің сүтінен шұбат жасайды. Түйені көлік ретінде пайдаланады.т.б