Жұмысымда жүр едім,
Қонаққа Бақа шақырды.
Көлге келсем су беріп,
Аш қалдырды, қатырды!
Құмырсқа көлге шомылып,
Құмға аунады жағада.
Жазда қарға көміліп,
Аққала соқты далада.
Таңға жуық шамамен,
Ерте тұрып қарап ем,
Қара күшік жоқ еді...
Көктен түсіп келеді.
Бір күні ірі Арыстан,
Кешірім сұрады Балықтан.
Балық мұны кешірмей,
Жұлып алды қайықтан.
Шыбын теуіп масаны,
Қыр-сайменен қашады.
Ұстап алып маса оны,
Ет орнына асады.Сәулесінен күннің,
Арқан естім бір күн.
Жүнін қырқып шілдің,
Жейде тоқып кидім.Шұнаңдаған шұнағым,
Неткен батырлағым!
Алып ұрып қасқырды,
Жеді жұлып құлағын.Аю тұрды ақырып,
Тышқанға тым жігерлі.
Тышқан оны қатырып,
Лақтырып кеп жіберді.