Бiр жылда 4 жыл мезгілі бар. Олар: қыс, көктем, жаз, күз. Бiр мезгiлде үш ай бар. Қыс айлары:
желтоқсан, қаңтар, ақпан. Қаңтар - жыл басы, қыс ортасы. Қаңтарда суық қатты болады. Даланы, орманды қар басады, қатты аяз болады. Қыста күн қысқа, түн ұзақ болады. Өзендерге мұз қатады. Қыстыгүнi
балалар өте көңiлдi болады. Олар аққала, қарбөбек жасайды, шанамен, шаңғымен сырғанайды, мұзда коньки тебедi. Адамдар жылы киiнедi,
бастарына құлақшын, бөрiк, үстiне пальто,
тон, аяқтарына етiк киедi. Жаңа жыл
мейрамын бүкiл әлем тамашалайды.