Қабілет сөзінің мағынасы

0 голосов
195 просмотров

Қабілет сөзінің мағынасы


Қазақ тiлi (17 баллов) | 195 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов
Правильный ответ

Қабілет сөзінің мағынасы
Қабілет - бір іс-әрекетті орындау барысында көрінетін жеке тұлға қасиеті. Әрбір адамның түрлі қабілеттері болады. Атқарылатын қызмет пен жасалатын жұмыстың ерекшелігіне байланысты, қабілет те өзгереді. Спортта, қолөнерде, білімде - өмірдің әр түрлі салаларында бір адамның қабілеті әр түрлі болуы мүмкін. Мықты спортшы сурет сала алмауы мүмкін,- профессор, академик, ғалымдар болса шеге қаға алмауы мүмкін. Яғни бастаған бір істе қаншалықты жетіліске жететініңізді көрсететін бір өлшем бірлігі болып табылады. Неге өлшем бірлігі десеңіз: сырттан бақылаушылар сіздің қабілетіңіздің мөлшерімен сізге баға береді. Демек, қабілет - бақылаушы тарапынан субъективті бағалау нәтижесінде дамға берілген, не болмаса орындаушының объективті бағалауы нәтижесінде өзіне берген бағасы.
Қабілет - ежелгі грек ойшылдары мен философтардың пікірталас тақырыбы болып келген қасиет. "Қабілет - туа біткен қасиет пе, әлде жүре келе пайда болған қасиет пе?" сұрағы пікірталас тудырады. Туа біткен талант, дарын ба?  Ал жүре келе пайда болған ше? Еңбек ету, жаттығу нәтижесінде, қателесе, машықтана келе пайда болған қасиет.
Синонимдер: қабілет, қасиет, дарын, талант, алғырлық, зеректік, мүмкіншілік, икемділік

(320 баллов)