Орамжапырақ - шөптесін және көпжылдық өсімдіктер қатарына жатады. Оның түсі ақ, жасыл және қызыл болып келеді. Оның адамға белгілі үш мыңдай түрі бар. Қазақстан жеріндегі он бес түрі қызыл кітапқа енгізілген. Орамжапырақ адам ағзасына өте пайдалы. Оның құрамында А, В, С және РР сияқты витаминдер кездеседі. Ерте кездерде ақ түсті орамжапырақтың жапырақтарын жараларға қойып, емдік қасиеті үшін медицинада да қолданған екен.