Перевод текста с казахского ** русский 5 класс. Баяғыда біреу той жасапты, тойға көп кісі...

0 голосов
71 просмотров

Перевод текста с казахского на русский 5 класс.
Баяғыда біреу той жасапты, тойға көп кісі жиналыпты, Қожа да келіпті. Қожанасырдың үстіндегі киімі жаман екен. Қожанасырды ешкім елемепті. «Төрге шық, тамақ іш» , - демепті. Қожа үйден шығып кетеді де үйіне барып, тәуір киімдерін киіп, қайта келеді. Бұл жолы үй иесі Қожанасырды құрметтейді, төрден орын береді, ет келгенде:
- Қожеке, алыңыз, алыңыз! - деп, қошеметтейді. Қожа етті жемей, табаққа шапанының жеңін малып:
- Же, шапаным, же! - деп, отыра береді.
Үй иесі:
- Сіздің бұ не қылғаныңыз? Шапан ет жейтін бе еді? - дейді.
Сонда Қожа:
- Сен кісіні сыйламайды екенсің, киімді сыйлайды екенсің. Сондықтан шапаныма жегізіп отырғаным! - деп, жауап береді.


Қазақ тiлi (16 баллов) | 71 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Словарь же есть в интернете

(104 баллов)