Қорқыт атаның туған жері - Қараспан таулары. Ол дүниеге келер алдында анасы құлан етіне...

0 голосов
140 просмотров

Қорқыт атаның туған жері - Қараспан таулары. Ол дүниеге келер алдында анасы құлан етіне жерік болыпты. Анасы Қорқытты құрсағында үш жыл тоғыз күн көтеріп жүріпті. Оны жылына бір рет толғақ қысып отырады екен. Осылай үш жылдың ішінде бейшара әйел үш мәрте толғақ азабын бастан кешіп, тек үшінші ретте ғана босаныпты.

Қорқыт туатын күні бүкіл дүние сұмдық қиналып азаптанғандай күй кешеді. Аспанды қара бұлт басып, күн күркіреп, найзағай жарқылдап, сұрапыл қара дауыл соғады, төңірек астан-кестен, алай-дүлей болады. Бір сұмдықтың жақындағанын сезген ел-жұртты қатты қорқыныш билейді. Осы оқиға жайында ел ішінде мынадай өлең жолдары сақталған:

Қорқыт туар кезінде
Қараспанды су алған,
Қара жерді күл алған.
Ол туарда ел қорқып,
Туған соң әбден қуанған!

Қорқыт туа салысымен, арқырап соққан жел саябыр тауып, бұлт тарқап, күн сәуле шашады, дуние нұр-шуаққа малынып жүре береді. Табиғатқа жан бітуін жақсы нышанға балаған жұрт: «Бұл бала бізді қорқытып туылғаны үшін аты Қорқыт болсын!» - деп ұйғарып, оның есімін Қорқыт қояды. Молда азан шақырып, жаңа туған нәрестенің құлағына: «Сенің атың Қорқыт!» - деп үш рет айқайлайды.

Қорқыттың дүниеге келуі қандай өзгеше болса, оның бүкіл өмірі де сондай ерекше болды. Бала жасынан ұшқан құспен, жүгірген аңмен, соққан желмен, жауған жаңбырмен қоса жарысты, айнала қоршаған табиғатпен ортақ тіл тауып, сонымен бірге өсті.

Жылдар өтіп, ержетіп, тепсе темір үзетін жігіт жасына жеткенде, ол бір түс көреді. Түсінде оған ұзын аса таяқты, ақ сақалы белуарына түскен әулие қария келіп, былай деп аян береді: «Ей, Қорқыт, тұр орныңнан! Менің айтқанымдай саз аспабын жаса. Бұл аспаптың үлкендігі алты жасар атан түйенің асықты жілігіндей болсын. Аспабыңның аты - қобыз. Осы қобыз сенің шабытыңды қияға самғатады, сапар шексең, жолыңа жарық түсіріп, сәуле шашады, өзіңді пәле-жаладан сақтайтын желеп-жебеуші серігің болады».

Қорқыт ояна сала, көрген түсін ойлайды. Тура өңінде болғандай. Осы арада өзінің жан-жүрегін құйқылжыған әуендер кернегенін, тілдің ұшына ағындаған өлең-жыр келгенін аңғарады. Ол бірден қобыз жасауға кірісіп, оны тура түсіндегі әулие шалдың айтқанынан айнытпай жасап шығады. Бұдан соң аспапты қолына алып, құлақ күйін келтіріп, ойнай жөнеледі. Оның жан-жүрегіне тыным бермеген әуен-саз қобызды бусандырып, күллі дүниені ғажайып күймен тербетіп жібереді. Ұшқан құс, жүгірген аң, соққан жел тына қалып, қобыз төккен күйге құлақ қояды.

помогите сделать кадам.
1қадам. Білу.
Қорқыт қай жерде туған?
Анасы Қорқытты құрсағында қанша жыл көтеріпті?
Қорқыт туатын күні табиғатта қандай өлең жолдары сақталған?


Қазақ тiлi | 140 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов
Правильный ответ

1.Сырария бойында
2.үш жыл көтерген
3.Қорқыт туар кезінде 
Қараспанды су алған,
Қара жерді күл алған.
Ол туарда ел қорқып,
Туған соң әбден қуанған!

(290 баллов)