Тату болса, ағайын жақын,Ақылшы болса, апайың жақын.Бауырмал болса, інің жақын,Инабатты болса, келінің жақын.Алдыңа тартқан адал асын,Қимас жақын - қарындасың.Сыбайлас болса, нағашың жақын,Адал болса, досың жақын.Еркелейтін немерең жақын,Өз ұрпағың - шөберең жақын.Жан серігің жас кезіңнен,Бәрінен де әйелің жақын...