Менің өмірім
Қақаған қар аралас соғып боран,
Ел үрей, көк найзалы жау торыған.
Байғара, Жамбыл, Ханда мен туыппын,
Жамбыл деп қойылыпты атым сонан.
Ел үркіп жүрген кезде күні-түні,
Сары аяз көш-жөнекей боран күні
Қар қауып, мұзға түскен Жамбыл екем,
Жұтынып суық ауа, шыққан үні.
Мен емес, суық дәмді ел де алыпты,
Тарылтқан қысаң заман кең жарықты.
Қара күн хан билеген, қаңды жорық
Дегендей ел аузында сөз қалыпты.
Көз аштым, сорғалаған қанды көрдім,
Қамыққан, қанды жасты жанды көрдім.
Ел көрдім - еңіреп босқан аңды көрдім,
Қойнында Алатаудың зарды көрдім.
Бой бермес ел өмірі асау шері,
Тұрса да құрсауланып тоқсан жері.Бірде от, бірде суды көктей кешіп,
Талпынып, тілегіне басты ілгері.
Өмірмен араласқан өсті Жамбыл,
Ел басқан отты, суды кешті Жамбыл.
Құлыннан құнанда өрлеп, дөненде өрлеп,
Шыққандай бола қалды бесті Жамбыл.
Он жаста ойнап жүрдім бала болып,
Өлеңге бөлдім көңіл алаң болып.
Райыттап тана міңіп, қозы бақтым, ,
Еңбекті иемденгенде шама келіп.
Қойшымен кеңес құрдым қыр басында,
Өлеңмен ермек болдым жолдасыма.
Сол еңбек-қалытқыдай кетті алып,
Байлардың жақындатпай мырзасына.
Өлеңді өркендеттім, өршіп өстім,
Көргенде жақсы жырды құстай ұштым.
«Жас ақын», «Жап-жақсы ақын», «Жамбыл ақын»
Дегенде, дара болып көзге түстім.Он бесте-ақ домбыраны алдым қолға,
Тең басқан төрт аяғын болдым жорга.
Он алты желі ұзатты, өрістетті,
Түскендей бұлтартпайтын даңгыл жолга.
Топ десе, он жетімде тартынбадым,
Семсердей майдандағы жарқылдадым.
Ақынды ауылға ермек басып озып,
Жұлдыздай көзге түсіп, жалтылдадым.
Еріксіз он сегіз жас мінгізді атқа,
Бір Жамбыл бөлінгендей екі жаққа.
Бір жағы - қайнап өскен қалың елім,
Бір жағы - атқа мінген бай мен датқа.
Жауларды ел қарғаған жамандадым,
Манапқа жақсы сөзді таба алмадым.
Аз сөзім бай, манапқа арналғанда,
Жалтақтап, ел не дер деп, алаңдадым.
Келгенде жеме-жемге, елде қалдым,
Шалшыққа шатылмадым, көлде қалдым.
Шалқардың шалқып жүзген мен аққуы,
Келмеді сасық, шалшық жерде қалғым.
Кедей күйі
Ұзынағаш, Қаратас,
Қалқабайдай қайран жас.
Бекеттен нан қоймайды,
Жалаң аяқ, жалаң бас.
Оған ауыз жарымас,
Сонда дағы ар қылмас.
Қалт-күлт етіп жүргені,
Қысы-жазы қарны аш.
Қайтіп жаның ашымас,
Неткен заман қатыбас.
Еткен еңбек, төккен тер
Қалай түкке татымас?!
Болмайды ішкен асың ас,
Қайтіп сүйек жасымас?!
Мұныменен, Қалқабай,
Сордан көзің ашылмас.
Жылқышы
Сары түнге сарылып, кірпік ілмей,
Салқын күзде бір жылы үйді білмей,
Сахарада салақтап күндіз-түні,
Бұралқы ит пен малшының сиқы бірдей.
Саяқ іздеп Сарыкемер, Сартауқұмнан,
Табылса деп, жонымыз бір тілінбей,
Байтал түгіл, бас қайғы болып жүріп,
Қайтпекші едік төсектен біз түңілмей!
Көбен - арықтап жүріп, ет алған жылқы.
Жабы - қарапайым жылқы.
Шыбыл - Ұлы жүздегі ру аты.
Сарыкемер, Сартауқүм - жер аттяпі-
жылқышы