Шокан шыны шыгарма помогите пожалуйста

0 голосов
74 просмотров

Шокан шыны шыгарма помогите пожалуйста


Қазақ тiлi (12 баллов) | 74 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Шоқан шыңы
Шоқан қазақ даласында қара аспанның жарық жұлдызындай шоқ боп ұшқан географ, жаратылыстанушы, ойшылдардың бірі.
Өзінің небәрі 30 жасында ол әр түрлі биітегі белестерге жетті.
Шыңғыстың жаңашылдыққа ұмтылысы, әсіресе отставкаға шыққаннан кейін айқын көріне түс-ті. Бұл «Сібір сепаратистері» саяси процесінен кейін болған оқиғаларда белгілі бір көрініс тапты. 1865 жылы Шыңғысқа «Сібір патриоттарына» деген үндеудің Омбының кадет корпусына таралуына тікелей қатысы бар деген сылтаумен және Уәлихановтардың достары - Г. Н. Потанин, Н. М. Ядринцев, Ф. Н. Усов және басқалар тұтқындалуына байланысты саяси айып тағылды. Омбы мұрағатында «Сұлтан полковник Шыңғыс Уәлихановтың үкіметке қарсы қылмыстық ойлары туралы» деген атпен іс сақталған
Шыңғыс Уәлихановтың Шоқаннан басқа орысша оқып, білім алған тағы да бірнеше дарынды баласы болды. Шоқанның бауырларының арасында ең қабілеттісі жастай дүниеден өткен Сақыпкерей (Қозыке) еді. Өнерді бағалай білген Шоқан Уәлиханов ауылға келген кездерінде дарынды ақын, әрі композитор інісі оны әндерімен риза қылып, қуантып жүрген. Қозыке халық композиторы Ақан серімен достық қарым-қатынаста болған, онымен бірге романтикалық сарында бірқатар ән-әуен шығарған*11. Ол шығарған әндердің ішінде кең таралғандары - «Ай көкек», «Топай көк», «Сырымбет» және «Көкенің аманаты». Соңғы ән сүйікті ағасы Шоқан Уәлихановқа арналған.
Шоқанның тағы бір бауыры Мақы (Мақажан) Уәлиханов (1844-1923 жж.) суретші болған. Ол Петербордағы мылқаулар мектебінде білім алып, кейін түрлі ғылыми мекемелер мен кітапханаларда суретші болып қызмет істейді. Шоқан бауырының дарынына назар аударып, Мақыға Көркемөнер академиясының шеберханасына орналасуға көмек көрсетеді. Ол сол жерде сурет салу өнерімен шұғылданады. Мақы Петерборда 11 жыл тұрған.Туған елге қайтып оралғаннан соң қоғамдық жұмыстармен айналысып, қылқаламын қолына сирек алады. Шоқан Уәлиханов арқылы Мақы Петербор мен Омбыдағы көптеген ғалымдармен, қоғам қайраткерлерімен танысады. Мақыны өте жақсы білген Г. Н. Потанин былай деп жазады: «Көкшетаудан шығып, Уәлихановтардың ауылын іздеп келе жатып мен қазіргі көзі тірі ағайынды төртеуінің бірімен өте ашық байланыста болуым керек болса, ол әрине Мақы болар еді деп ойладым». Г. Н. Потаниннің айтуы бойынша, Мақы Шоқан арқылы қабылдаған орыс халқы мен мәдениетіне деген керемет құштарлығын сақтап қалған.

(156 баллов)