Тәуелсіздік туралы шығарма

0 голосов
70 просмотров

Тәуелсіздік туралы шығарма


Қазақ тiлi (12 баллов) | 70 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Тіл – мемлекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы, өткені, болашағы. Биыл тәуелсіздігіміздің таңы атқанына жиырма жыл толып отыр. Тіл мен тәуелсіздік – егіз ұғым. Тіл тәуелсіздігіміздің қуатты құралы, асыл ой мен парасат белгісі, елдігіміз бен бірлігіміздің туы. Еліміз тәуелсіздік алғалы бері жүргізіліп келе жатқан тіл саясатының арқасында қазіргі таңда қоғамда тіл туралы оңды көзқарас қалыптасып отыр. Мемлекеттік тіл мәртебесіне ие қазақ тілі бүгінде ұлттық руханиятымыздың өзегіне айналды. Әр халық ана тілін дамытуына, әлемдегі бүкіл елдің мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі ұжымдық құқығын жүзеге асыруына заң жүзінде мүмкіндік алды. Тіл заңнамасының түп негізі – Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңы – халықаралық тіл дамытудың өлшем-үлгілеріне сәйкес келеді. Осы Заң Қазақстан Республикасында тілдердің қолданылуының құқықтық негіздерін, мемлекеттің оларды оқып үйрену мен дамыту үшін жағдай жасау жөніндегі міндеттерін белгілейді, Қазақстан Республикасында қолданылатын барлық тілге бірдей құрметпен қарауды қамтамасыз етеді. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деуі Қазақстандағы тіл саясатының бүгіні мен болашағын айқындайды. Ел тәуелсіздігінің ең маңызды нышаны – мемлекеттік тіл. Қазақстанды мекендейтін әртүрлі ұлт өкілдерінің тіліне құрмет көрсету, олардың ана тілінде білім алып, төл мәдениетін дамытуына жағдай жасау – мемлекетіміздің маңызды стратегиялық саясаты. Бүгінгі күнге дейін ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай, тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мемлекеттік тілге деген құрмет пен сүйіспеншілікті арттыру мақсатында ауданымызда көптеген іс-шаралар ұйымдастырылды. Тіл – адам мен адамды, ұлт пен ұлтты жақындастырып, табыстыратын құрал. Сондықтан да біз оны халықтар арасында достықтың бастауы, олардың ынтымағы мен береке-бірлігінің тірегі ретінде қадір тұтамыз. Қоғам дамуының басқа салаларымен қатар мемлекеттік тіл де тең дәрежеде дамуы қажет, өйткені ол мемлекет тәуелсіздігінің баянды болуына негіз жасайтын басты тіректердің бірі болып табылады.





(128 баллов)