ПОМОГИТЕ ПОЖАЛУЙСТА ПЕРЕВЕСТИ!!!!!
Алматы - мәдениет пен өнердің орталығы. Ол - өте әдемі және үлкен қала. Алматыда Үлкен Алматы, Кіші Алматы өзендері бар. Медеу мұз айдыны Алматыға жақын.
Қалада сәулет өнерінің тамаша ескерткіштері болып саналатын опера және балет театрының үйі, Республика сарайы, М Әуэзов атындағы театр, Орталық мұражай, Ғылым академиясының бас ғимараты бар. Қалада 100-ге жуық жоғары оқу орындары, ондаған театрлар, концерт, кинозалдар бар. 500-дей мейрамханалар мен кафелер қала халқы мен қонақтарға қызмет етеді.
Алматы қаласында ықшамаудандар жеткілікті.
Республика тәуелсіздігінің белгісі - Алтын адамның мүсіні алыстан көз тартады.