Алыстан көрсем ақ тас
Жақыннан көрсем --дәмді ас /күріш /
Сылдыр сұйық -су емес
Ішсең сусын қанады.
Ақ болса да қар емес
Шешуін кім табады ? /сүт /
Көктемде ақ гүлге оранады
Күзде қолға доп болып оралады //алма /
Сырты жасыл қап-қатты
Іші қып -қызыл тәп -тәтті. /қарбыз/
Аласа тал тамаша тал
Самсап тұр алмасы
Ол алқызыл ол қанқызыл
Боялғанша алмашы. /қызанақ/