Реферат әлемдік және отандық кино әлемі

0 голосов
81 просмотров

Реферат әлемдік және отандық кино әлемі


Қазақ тiлi (16 баллов) | 81 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов
Режисер Эмир Байғазинның "Үндестік сабақтары" атты қазақстандық кинокартинасы "Әлемдік кино қоры" (Berlinale World Cinema Fund) сыйлығын қанжығасына басты. Бұл отандық жоба әлемнің 43 елінен түскен 122 өтініштің арасынан таңдалып, бірінші орынға табан тіреген. "Әлемдік кино қоры" 2004 жылы Берлин кинобайқауында "Жаңа эстетикалық амалдар арқылы мықты оқиға мен бірегей көркемдік танымы бар кинотуындыларды жарыққа шығару" мақсатымен құрылған болатын. Жыл сайын бұл қор көптеген кинофильмдерге қаржылай сыйақы беріп тұрады."Біздің жұмыс - таптырмас жеңілдік. Біз сансыз оқиғалармен жұмыс жасап, әлемді көзбен бір шалып өтеміз.Сөйтеміз де, ең мықты жобаны нағыз көркемдік тәсілмен жасап шығарамыз", - дейді "Үндестік сабақтары" кинофильміне жауапты қор қызметкері Винченцо Буньо. "Әлемдік кино қоры" қолдаған кез келген туынды көркемдік күшке ие. Қордың сыйлығын алған кинофильмдер әлемге терезесін ашып, отандық киноөндірістің қаншалықты жұмыс жасап жатқандығын көрсете алады", - дейді неміс Федералдық мәдениет агенттігінің көркемдік жетекшісі Гортензия Фелькерс.Туындының режисері мен сценарий авторы Эмир Байғазин Азиялық киноакадемия мен Берлин Talent Campus-тың қатысушысы. Оның көптеген қысқаметражды туындылары әлемдік сыйлықтарды иеленіп жүр.    Режисер Эмир Байғазин"Үндестік сабақтары" атты киножоба Локарнодағы Open Doors форумында көрсетілді. 2011 жылы жоба "Қазақстандық киножобалар сатылымында" (Spotlight: New Kazakh Cinema) жеңіске жетті. Содан кейін көп кешікпей Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясынан шығарыла бастады. Фильмнің продюсері Анна Качко ("Жаужүрек Мың Бала", "Байқоңыр") - Еуропалық кинопродюсерлер қоғамының мүшесі."Әлемдік кино қорының" сыйлығы бұл фильмнің жалғыз жетістігі емес. "Үндестік сабақтары" Сараевта өткен 18-Халықаралық кинобайқауда Work-in-Progress бағдарламасының бас жүлдесіне ие болды. Немістің жетекші Post Republic кинокомпаниясы кинофильмдегі монтаждық жұмыстарға көмегін білдіріп, қалған тірлікті Берлинде жалғастыру үшін Режисер Эмир Бағазин мен қоюшы-оператор Азиза Жамбакиеваны шақырған. 
(18 баллов)