Слалом жарысы тапталған қалың қарлы тау бөктерінде өткізіледі. Жарыс жолының қашықт. 500 – 700 м, көлбеулігі – 100 – 200 м. Жол бойына қызыл не көк жалау ілінген кедергілер қойылады. Олардың арасы – 3 м. Жарыс кезінде слаломшылар трассаны екі рет өтеді. Соның орташа уақыт көрсеткішінен қорытынды нәтиже шығарылады. Алып слаломда жолдың көлбеулігі 200 – 500 м, ұзындығы 800 – 2000 м, қақпаның ені – 8 м, олардың арасы 15 – 20 м. Жылдамдық сағатына 65 километрге жетеді.