Ата-ана – отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Дәстүрлі Қазақ отбасында ата -ана ның қадірі ерекше әспеттелген. Әсіресе, тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусәр бұлағы – Ана есіміне қатыссыз дүниеде қасиетті ештеңе жоқ. Сондықтан ана ны ардақтамайтын халық та жоқ.
Ата-анаға не істесең, алдыңа сол қайтады. Сен өмір бойы жас болып тұрмайсың. Сен ата-анаңды сыйласаң, сенің балаларың да қартайғанда өзіңді аялап күтіп, бағып-қағатын болады.