Ешкі - үй жануары. Оның мүйізі, жұп тұяғы болады. Ешкінің адамдарға пайдасы өте зор. Оның түбіті көктемге қарай көтеріледі. Сол кезде оны адамдар тарап алады. Оның түбітінен шәлі, шұлық, қолғап, т.б. бұйымдарды тоқиды. Ертеде ешкінің сүтін сауып ішкен. Қазіргі кезде де ешкінің сүті көптеген ауруларға ем бола алады. Оны сойып, етін де жейді. Ешкінің еті өте жеңіл, тез қорытылатын тағам болып есептеледі. Ешкінің бізге берері өте көп.