Ақыл адам көрігі,
ақылдың сабыр серігі.
Ақыл азбайды,
Әділдік тозбайды,
Ат аяғынан семірер,
Адам құлағынан семірер.
Екі кісі ығысса,
Бір кісілік орын бар.
Адам сөйлескенше,
Жылқы кісінескенше.
Бұрынғының кісісі —
Бүгінгінің кішісі.
Ағаш көркі — жапырақ,
Адам көркі — шүберек.
Білетінің бір тоғыз,
Білмейтінің тоқсан тоғыз.
Білмесең үндеме,
Білгенді күндеме.
Білім гауһар, бағасы жоқ.
Надандық кесел, дауасы жоқ.