Ат қасқасы ай болмас.Төрт түлік мал туралы: Су татырмасқа - сүт бер."Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы": Ер жігітті қорлама. Үлкенмен керіспес болар. Бар - бақыр, жоқ - алтын."Байлық-кедейлік туралы": Қолыңа күміс қонса - алтын өзі келер. Көсеу ұзын болса - қол күймес."Сақтық туралы": Ит - қаппас деме, ат - теппес деме. Аңшы - қанша айла білсе, аю - сонша соқпақ біледі."Аң-құс туралы": Арқадағы жауыр ұлға қалар."Жоқтық туралы": Аш - не жемес, тоқ - не демес."Тіл туралы": Әдептің басы - тіл."Ар-намыс, ұят туралылы": Ұятсызбен ұстаспа."Ғылым-білім, өнер туралы": Бақыттың белгісі - білім."Бек, хан туралы": Жер бастырығы - тау, ел бастырығы - бек."Асыл сөз туралы": Ақылды сөз - алтын табаққа жеткізер."Адам өмірі туралы": Атаның ұлы - атасына тартып туар.Екпейінше - өнбес, талпынбайынша - жетпес. (Еңбек туралы)Заман қартайтқанға - бояу айыпты емес. (Қоғам, мемлекет, заман туралы)Жасауы мол келіннің күйеуі жуас келеді. (Әйел, ана туралы)Күндестердің күлі де - күндес. (Күншілдік, қызғаныш туралы)Жалғыз қаздың үні шықпас. (Жалғыздық туралы)Ауыр күн де өтеді - оған сабыр-шыдам қыл. (Сабырлық туралы)Арыстан күркіресе - аттың аяғы тұсалар. (Үрей туралы)Далада бөрі ұлыса - үйдегі итің бүйірі солқылдар. (Үрей туралы)Жақсы адамның сүйегі қурағанмен - аты қалар. (Жақсы мен жаман туралы)Жаны кедей адамның құлқыны бір тоймайды. (Байлық-кедейлік туралы)Ауыр күн де өтеді - оған сабыр-шыдам қыл. (Сабырлық туралы)Сараң санға қосылмас. (Сараңдық туралы)Жағасындағыны жалаған - алақандағысынан айырылады. (Сараңдық туралы)Алушы - арыстан, сатушы - тышқан. (Саудагер туралы)Тәкаппар тақсірет тартырады. (Мінез-құлық туралы)Ашу қысса - ақылың ғайып болады. (Мінез-құлық туралы)От - түтінсіз болмас, жігіт - мінсіз болмас. (Мінез-құлық туралы)Қылымсығанда - қызыл киеді, Жарамсақтанғанда - жасыл киеді. (Мінез-құлық туралы)Еркекқұмар әйел ерге жарымас. (Әйел, ана туралы)Пышақ қанша өткір болғанымен өз сабын өзі жона алмайды. (Дәрмесіздік туралы)«Ағайын» десе - шақ қарадық, «Қайын» десе - жалт қарадық. (Ағайын, жұрт туралы)Ұран көтерілсе - ру жиылар, Жау келсе - жамағат жиылар. (Ағайын, жұрт туралы)Дос адам маңайынды жұмақ етер. (Достық туралы)