Кустары жайлы ангиме

0 голосов
112 просмотров

Кустары жайлы ангиме


Қазақ тiлi (12 баллов) | 112 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Құстар жоғарғы сатыдағы омыртқалылардың ұшуға бейімделген ерекше маманданған бұтағы деуге болады. Құстар генетикалық жағынан рептилилерге жақын, оның прогрессивті бұтағы.Құстарды рептилилерден ажыратуға болатын белгілері: а) құстардың орталық нерв системалары жақсы жетілген, сондықтан олар әр түрлі жағдайларга бейімделіп, мінезқылықтарын өзгертеді. б) денесінде зат алмасу процесінің жылдамдығы мен дене жылуының реттелуінің дұрыс болуына байланысты температурасының жоғары және тұракты болуына әкеліп соққан. в) ауа кеңістігінде ұшу қабілеті көпшілігінің қозғалу, я өрмелеу қабілетін жоймаған. г) көбеюі біршама жетілген (жұ-мыртқаларын басуы және балапандарын қоректендіруі).Құстардың көрсетілген прогрессивтік белгілері, кластың жастығына қарамай олардың жер шарының алуан түрлі тіршілік орталықтарына тарауына мүмкіндік туғызған. Қазіргі уақытта құстардың 31 отрядқа топтасатын 8000-нан аса түрі бар.) ал қазіргі кезде амфибилердің — 2800, рептилилердің — 5500 түрі ғана тіршілік ететіні белгілі.Құстар морфологиялық жағынан денесінің қауырсынмен қапталуымен алдыңғы аяқтарының қанатқа айналғандығымен, сүйектерінің ішінде куыс болумен, ми сауытының шүйдесіндегі бұдырының болумен жүрегінің төрт камералы, оның оң жағында бір ғана аорта доғасының болуымен сипатталады. Құстардың тісі болмайды, олардың қызметін мүйізді тұмсықтары атқарады.

(18 баллов)