Ескерген создермен матин курау керек !!! (Простите казахского шрифта нету)

0 голосов
249 просмотров

Ескерген создермен матин курау керек !!! (Простите казахского шрифта нету)


Қазақ тiлi (14 баллов) | 249 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Көнерген сөздер – тарихи шығармаларда ғана кездесетін, қолданыстан шығып қалған, мағынасы көмескі сөздер. Көнерген сөздер екіге бөлінеді: 1) тарихи сөздер; 2) архаизмдер.



Тарихи сөздер – ескі заманда қолданылған, дәуірі өткен тарихи сөздер атауы. Тарихи сөздер бірнеше салаға бөлінеді:



– ел басқаруға байланысты атаулар: хан, патша, уәзір, би, аға сұлтан, болыс, ауылнай, т.б.

– пайдаланудан шығып қалған қару-жарақ атаулары: садақ, жебе, сауыт, айбалта, найза, адырна, т.б.

– кеңес дәуірі тұсында қолданылған әкімшілік сөздер: қызыл әскер, қызыл отау, т.б.



Архаизмдер – халықтың тұрмыс-тіршілігіне, салт-санасына, әдет-ғұрпына байланысты қолданылатын, әр дәуірде өзгеріп, басқа сөздермен ауысып отыратын ескірген сөздер. Архаизмдерге мынандай сөздер жатады:



– мата атаулары: патсайы, торқа, биқасап, дүрия, т.б.

– әдет-ғұрып атаулары: бесік құда, сауын айту, ұрын бару, т.б.

– үй тұрмысына қатысты атаулар: жаппа, лашық, саптыаяқ, кебеже, әбдіре, шидем, күпі, шекпен, сәукеле, т.б.



Тілімізде қайтадан жаңарған көнерген сөздер де кездеседі. Оларға:



– діни ұғым атаулары: жаназа, имам, мешіт, ораза, жайнамаз, т.б.

– жыл атаулары: барыс, ұлу, тышқан, т.б.

– ай атаулары: қаңтар, наурыз, маусым, т.б.



Тілімізде жаңа ұғым аттарын білдіретін жаңа сөздер де бар. Олар ғылыми тілде неологизмдеп аталады. Жаңадан енген сөздер тілге сіңісіп, халыққа танымал болған соң жаңа сөз болудан қалады да, орнын оның баламасы ауыстырады.Мысалы, космос – ғарыш, космонавт – ғарышкер, парк – саябақ, теплица – жылыжай, телеграмма – жеделхат, пенсия – зейнетақы, спутник – жер серігі, класс – сынып, т.б.



Сөздердің тіркесуі арқылы да жаңа сөздер жасалады. Мысалы, жердің жасанды серігі, ғарыш айлағы, жер серігі, халықаралық қауымдастық т.б.



Қазақ тілінің мәртебесінің өсуіне орай соңғы жылдары тілімізге көптеген жаңа сөздер – неологизмдер – енді. Мысалы, орамжапырақ, қызанақ, жасуша, қожалық, жылыжай, т.б.

(53 баллов)
0

рахмет!!