Сочинение про охотника ** казахском языке

0 голосов
74 просмотров

Сочинение про охотника на казахском языке


Қазақ тiлi (14 баллов) | 74 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Аңшы – көшпелі ортада аң аулауды кәсіп еткен адам. Ал, қазақы ортада ерекше қадірлі кәсіптердің бірі болды. Осы туралы ДУГ-де төмендегідей сипаттама келтіріледі: «қазақтар аң аулағанды айрықша қызық көріп, аң аулаған мезгілінде әрбір жігіт өзінің батырлығын көрсетеді. Бұл себептен бұрынғы заманда қазақтар аңды күн көру үшін ауламаушы еді. Мұның мәнісі осы уақыттардың әдет рәсімінен байқалады. Көбінесе, аңға шыққанда аңшының қасында қаншама кісілер болады». Аңшылық кәсіптің әртүрлі аңдар мен құстардың ерекшеліктеріне және жергілікті аймақтың табиғи ландшафттық рельефіне, сондай-ақ, флора мен фаунаның құрылымдық сипатына байланысты тәсілдері де сан алуан болды. Ұрпақаралық- этникалық тәжірибенің құрамдас саласы болып табылатын аңшылықтың сан қырлы тәсілдері әкеден балаға беріліп отырды.

(119 баллов)