Сүйікті әрі қадірлі бауырларым, біз бұл уақытымызды Исламдық құқық (фиқһ) ғылымымен байланысты өте маңызды мәселені қозғауға арнамақпыз.
Аса Мейірімді, ерекше Рақымды Алланың атымен бастаймын. Әлемдердің Раббысы Аллаға мақтау-мадақ болсын. Мырзамыз Мұхаммедке, оның отбасына және сахабаларына Алланың игілігі мен сәлемі болсын.