Меңгеріле байланысқан есімді, етістікті сөз тіркестерінің сыңарлары бір-бірімен толықтауыштық қатынаста жұмсалады да, бағыныңқы сыңары басыңқы сыңардың мекенін тура я жанама обьектісін, я сол обьектіге қатысын білдіріп тұрады. Басыңқы сыңардан бағыныңқы сыңарға Кімді? Нені? Кімге? Неге? Кімде? Неде? Кімнен? Неден?Кіммен? Немен? деген сұрақтар қойылады: хатқа (неге?) жауап, оқуды (нені?) бітірді, балуанмен (кіммен?) күрестіт.б.