Жай шырай- шырай түрлерінің бəріне негіз болады, оның арнайы грамматикалық көрсеткіштері, қосымшалары жоқ.
Салыстырмалы шырай аналит. тəсілімен жасалады, заттың ұқсас сапаларының артық я кемдігін -рақ,-рек,-ырақ,-ірек,-лау,-леу,-дау,-деу,-тау,-теу,-ғыл,-ғылт,-ғылтым,-шыл,-шылтым,-аң,-ғыш,-ғіш, т.б. жұрнақтар арқылы салыстыра көрсетеді.
Күшейтпелі шырайдың негізгі көрсеткіші күшейтпелі буынның тіркесуі болып табылады, ол сын есімнің буынның қысқарып, оған -п дыбысының жалғануы арқылы жасалады. Мыс.: қып-қызыл, т.б.
Асырмалы шырай сын есімге өте, тым, аса,əбден,орасан, нағыз, нақ күшейткіш үстеулерінің тіркесуімен жасалды.