1. Қыс келді. Әр ауладан қуанышты, шаттықты дауыстар естіледі. Ол жапалақтап жауған қардың қызығына тоймай жүрген бүлдіршіндер еді.
2. Көктем келіп, ауыл тіршілігі қым-қуыт, үзіліссіз тірлікке айналды. Жас ботақандар да табиғатқа өз еңбегін сіңіруде. Әнеу бір жерде бүлдіршін қыз, көшет отырғызуда. Жылдар өткен соң, сол көшеттің үлкен ағашқа айналып, құлпырары сөзсіз.
3. Жаз мезгілі. Қапырыққа шыдамаған балалар өзен жағалап, қызық қуып жүр. Суда үйректер жүзіп жүр. Балалар соны қызықтап жүрген болуы керек.
4. Күз келіп, жердің жүзі сап-сары бояуға боялды. Күздің алғашқы мерекесі Білім күніне оқушылар асыға баруда.