напишите сочинение Казактын Салт Дастурлери 10 предложений пожалуйста!!

0 голосов
164 просмотров

напишите сочинение Казактын Салт Дастурлери 10 предложений пожалуйста!!


Қазақ тiлi (231 баллов) | 164 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Бауырына салу
Ата, әжесі немересін уақытша тәрбиелеуге алса, оны «бауырына салу» деп атайды. Ол бала ержеткен соң әке-шешесіне барады немесе сол шаңырақта қалып қояды. Қазақта ата, әжесінің бірінші немересі солардың баласы деп есептеледі.

Асырап алу
Өз кіндігінен сәби сүймеген ерлі-зайыптылар ата-анасының ризашылығымен жақын туыстарынан бала асырап алады. Мұндай жағдайда асырап алғысы келген баланың әке-шешесімен алдын-ала келіседі. Олар да, туған-туыстары да ол баланы асырап алған сырды көпке жайып, айтпайды. Сөз болмауы үшін бала асырап алған ерлі-зайыптылар көбінесе басқа жаққа көшіп те кетеді.

Сүйінші сұрау
Әйелі, келіні, қызы бала туғанда күйеуіне, ата-әжесіне, әке-шешесіне қуанышты хабарды жеткізіп, сүйінші сұрайды. Жоғалған малы, заты, ертеректе адасып қалған туған-туыстары табылғанда да сүйінші сұрап, қуанышын бөліседі. Сүйіншіге жақсы хабардың маңызына қарай әртүрлі бағалы заттар, мал, ақша беріледі.

Жолаяқ жасау
Ұзақ сапарға шығатын адам қой сойып, жақын туған-туыс, замандастарын шақырып, үлкендерден бата алады. Қазақ мұны «Жолаяқ жасау» дейді. Жолаяқ – сыйластықтың белгісі. Оны жасайтын адамның жаятын дастарқаны мүмкіндігіне сәйкес болады.

Тәбәрік
Көп жасаған кісілер қайтыс болғанда туған-туыстары тірі кезінде тұтынған заттарын бөлісіп алып, оны киелі санайды. Бұл – тәбәрік алу.

Шашу
Тойда, мерекеде ақ жаулықты аналар шашу шашады. Ол қуаныштың белгісі. Шашуды кәмпит тәрізді тәттілерден де, күміс теңгелерден де шашуға болады. Жаңа түскен келін табалдырық аттарда да шашу шашу – қалыптасқан дәстүр.

Сүйек жаңғырту 
Әке-шешесі мен ата-әжесі қыз беріп, қыз алысқан әулеттің кейінгі шаңырақ иелері қайтадан сол жақпен қыз алысып, қыз берісіп, құда-құдағи болады. Мұны сүйек жаңғырту деп атайды. Қазір сүйек жаңғыртқанда екі жастың келісімі болуға тиісті.

Асар
Үй салу тәрізді үлкен күшті, көп адамды қажет ететін жұмыста оны бастаушы көрші-көлем, туған-туыстарын жинап, іске кіріседі. Бұл көмек – асар деп аталады. Оған қатысушылар ақы алмайды. Жұмыс иесі асарға қатысушыларға мол дастарқан жаяды, оларға ақ алғысын айтады.

(342 баллов)