- Алло, сәлеметсіз бе, бұл «Алатау» қонақ үйі ме?
- Иә, сізді тыңдап тұрмын.
- «Алатау» қонақ үйі қай көшеде орналасқан?
- «Алатау» қонақ үйі Гоголь көшесінде орналасқан.
- Қонақ үйдің бөлмелері қандай?
- «Алатау» қонақ үйінде бір кісілік, екі кісілік және үш
кісілік бөлме және люкс орындары бар.
- Сізге қандай бөлме керек?
- Маған ертеңгі күнге бір кісілік бөлме дайындап қоюыңызды
сұраймын. Менің аты-жөнім Ксения
- Сізді ертең күтеміз. Сау болыңыз.