Ағасы бардың жағасы бар,өйткені бауырын өмірдегі сан соқпақтан сақтап,қорғап жүретін-осы тұлға. Ақылын айтып,туған-туыспен жақындатып,жақсымызды асырып,жамандығымызды да жасырады. Мен үшін ағамның орны бөлек. Мен одан ешкімнен кездестірмейтін батылдықты ба,ақылдылықты да,маған деген мейірімділігін де көремін. Оның мені қатты жақсы көретінін де білемін.