Шақ[1] — болмыстағы іс-әрекет пен қимылдың сөйлеп тұрған сәтте орындалғанын немесе одан бұрын не кейін болатынын білдіретін етістіктің грамматикалық категориясы. Қазақ тілінде шақтың үш түрі бар: өткен Шақ, келер Шақ, осы Шақ.
Өткен Шақ — бұрын болған оқиғаны, іс-әрекетті білдіреді (бар-ды, кел-меп-ті, болған екен).
Келер Шақ — алдағы уақытта болуы мүмкін, бірақ әлі басталмаған қимылды білдіреді (келуі мүмкін, тезірек бар).
Осы Шақ — іс-әрекет пен қимылдың сөйлеп тұрған сәтте орындалып жатқанын білдіреді. Осы Шақ іштей нақ осы шақ және ауыспалы осы шақ болып екіге бөлінеді:
Нақ осы шақ — іс-әрекет пен қимылдың сөйлеп тұрған нақ сәтінде болуын білдіреді. Нақ осы шақ
отыр, тұр, жатыр, жүр етістері арқылы жасалады.
Ауыспалы осы шақ — көсемшенің
-а, -е, -й жұрнақтары жалғану арқылы жасалып, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған кезде болатынын әрі ұласпалылық сипатын танытады. Мысалы,ұстаз болып істейді, күнде келеді, бала ойнайды, құс ұшады, тағы басқа. [2]