Казак тили тапкыр коян

0 голосов
140 просмотров

Казак тили тапкыр коян


Қазақ тiлi (12 баллов) | 140 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Аңдардың патшасы арыстан бәйге жариялапты. Бір қазан суды қайнаттырып қойып:

          — Осы суды кім ішіп қойса, көп сыйлық беремін, – деген шарт қойыпты.

          Аңдар бірінен соң бірі келіп, қанша өжеттенсе де қайнап тұрған суды ішуге батылдары бармапты.

          Ең соңында қоян келіп, қып-қызыл шоқта тұрған қазанды көтеріп алады да:

          — Ыстықтай ішуді өте жақсы көремін, – деп жан-жағына қарайды.

          — Ендеше, іше ғой, – дейді аңдар аңтарылып.

          Қоян ұзыннан-ұзақ қаз-қатар тізіліп тұрған аңдарды жағалай жүріп:

          — Мінеки, достарым, мынау ыстық су. Көздеріңмен көріңдер! – деп, бас-басына көрсетіп шығады.

          Сөйтіп, қоян аңдарды басынан аяғына дейін аралап шыққанша, қазандағы су суып қалады. Сол кезде қоян суды басына бір-ақ көтеріп, сіміріп салады. Шошынған аңдар ауыздарын ашып, көздерін жұмысады.

          Ал алданған арыстан патша қоянға көп-көп сыйлықтар бергізіп:

          — Міне, нағыз ер! – деп мақтапты.

(486 баллов)