Шығарма болса
1.1 Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі әлемдегі жағдай.Екінші дүниежүзілік соғыстың басты нәтижесі-ол антигитлерлік коалиция елдерінің фашистік гитлерлік мемлекеттерді жеңу болды. Бірақ соғыс аяқталысымен әлемдік сахнада екі ұлы державалардың қарсыласуы орын алды. Америка Құрама Штаттары соғыстан кейін өзінің ірі әскери-саяси және экономикалық потенциалына сүйене отырып әлемде капиталистік жүйенің тұрақталуына және өз үстемдігін орнатуға ұмтылды. Бірақ Кеңес Одағы да соғыстан кейінгі әскери-саяси жағдайы тұрақталған әрі күшейтілген ол өзінің әлемдік жоспарын жүзеге асыруға ынталанды.Оның басқаруымен социализм құрылысына бет алған мемлекеттер жүйесі қалыптасты.Бірнеше онжылдықтарда халықаралық қатынас жүйесінде «екі полюсті әлем» жағдайы билік етті.80-90ж.ж. халықаралық қатынас жүйесінде жаңа түбегейлі төңкеріс болып өтті.Орталық және Оңтүстік Шығыс Еуропа елдерінде социализмнің күйреуі соның ішінде Кеңес Одағында да, кейін КСРО-ның ыдырауы, КСРО-ның құқылы ізбасары Ресейдің халықаралық аренадағы орнын әлсіретті.Екі полюсті әлем өмір сүруін тоқтатты. АҚШ енді әлемде жалғыз ұлы держава ретінде өзінің үстемдігін жүргізуге бет алды.Бірақ АҚШ-тың халықаралық қатынаста «бір полюсті жүйенің» құрылуының қауіпты бағыты, Ресей және де басқа мемлекеттер тарапынан қарсылыққа ұшырап отырды.Олар тең құқылы халықаралық достастық жүйесін құруда қызығушылық білдірді.1.2 Екінші дүниежүзілік соғыстың нәтижесі. Екінші дүниежүзілік соғыс адамзат тарихындағы ең ауыр әрі қанды соғыс болды. Бұл соғыста 60 млн. адам құрбан болды, оның ішінде Кеңес Одағының 27 млн. азаматтары және 6 млн. Польша азаматтары. Екінші дүниежүзілік соғыста адамзат шығыны бірінші дүниежүзілік соғыстан 6 есе көп болды, ал материалдық шығыны 12 есе көп болды.Екінші дүниежүзілік соғыстың басты нәтижесі-ол фашизмнің күйреуі. Фашистік және милитаристік агрессорлы мемлекеттері Германия,Италия,Япония және олардың одақтастары толық күйреді. Олардың экономикасы, саясаты, идеологиясы күйреді, қарулы күштері тізе бүкті, территориялары антифашистік коалиция әскерімен оккупацияланды. Оккупациондық өкімет жергілікті антифашистердің көмегімен фашистік режимдерді, фашистік партияларды жойды және де фашистік басшыларды соттады. Тек қана Испания мен Португалияда фашистік режимнің диктаторлық түрі сақталды.Соғыс кезінде оккупацияланған мемлекеттерде оккупанттарға қарсы «Қарсыласу» қозғалысы пайда болды.Соғыстан кейін Қарсыласу қозғалысының қатысушылары қоғамдық-саяси өмірде маңызды рөл атқарды.Көптеген мемлекеттерде олар билік басына келіп,мемлекеттердің саясатын анықтап отырды.Екінші дүниежүзілік соғыстың тағы бір маңызды нәтижелерінің бірі болып көптеген мемлекеттердің капиталистік емес даму жолына түсуі. Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Еуропа мемлекеттерінде оккупанттардан азат етілгеннен кейін, олар Халықтық демократия мемлекеттері атағына иеленді, коммунистердің басқаруымен немесе қатысуымен үкіметтер құрылды, олар антифашистік, демократиялық, содан соң социалистік өзгертулерді жүзеге асыруға кірісті. Кеңес әскерімен оккупацияланған Шығыс Германия мен Солтүстік Кореяда осындай өзгертулер болды. Жапония күйреген соң және 1945-1949ж.ж. азаматтық соғыстың жеңісінен кейін Қытайда өкімет басына коммунистер келді.1949ж. 1 қазанында Қытай Халық Республикасы құрылды. Оның басшылары мемлекеттің социализм жолына түсетіндігін жариялады.Халықтық-демократиялық және социалистік мемлекеттердің тұтас қоғамдастығы пайда болды.Екінші дүниежүзілік соғыстың тағы бір маңызды нәтижесі-отарлық жүйенің ыдырауының басталуы. Азат ету мақсатымен және соғыстың антифашистік мінездемесі, Жапониямен соғыстағы отарлық елдердің жеңілісі содан соң фашистік агрессорлардың күйреуі ұлт-азаттық қозғалыстың көтерілуіне ықпал етті. Жапониямен оккупацияланған Азия және Тынық мұхиты елдері (Индокитай, Индонезия, Малайя, Бирма, Филиппины) метрополистік мемлекеттердің бақылауынан шықты. Халықтың елеулі бөлігі Жапон оккупанттарына қарсы партизандық күреске қатысты; ұлттық, саяси және әскери ұйымдарын құрып жатты. Жапонияның тізе бүгуінен кейін ол оккупациялаған мемлекеттер өзінің тәуелсіздігін жариялап, бұрынғы билігін танудан бас тартты.