" Жауынменен жер көгерер, батаменен ел көгерер" деген қазақ халқының мақал мәтелі бар. Бата берудің өзіндік орны, жолы, жөні болады. Батаны топ ішінде жасы үлкен адам беруге тиіс. Болмаса көптің рұқсатымен жастау болса да, жұрттың ойынан шығатын адам беруіне болады. Батаның мақсаты:
Ел жұрттың бір-біріне сүйіспеншілігін айту,
Достыққа, береке-бірлікке шакыру үшін
Үлкен-кішінің жолын ашу
Жақсы іске бас болу үшін батаны береді.